ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Жас толқын - 2019» бітіру кеші
13-06-2019 09:48
«Жас толқын - 2019» бітіру кеші

2019 жылдың 12 маусымында қаланың барлық мектептерінде бітіру балы өткізілді. 1012 түлек орта білім туралы аттестат алды, оның ішінде 30 түлек «Алтын белгі» төсбелгісіне ие болды. Павлодар қаласы мектептерінің «Жас толқын - 2019» түлектерін марапаттау Орталық стадионда өтті. Биыл түлектер мерекесі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың инаугурациясы күні өткізілді.

Салтанатты жағдайда облыс әкімі Болат Жұмабекұлы Бақауов барлық түлектерді құттықтап, қорытынды аттестацияда өздерінің үздік білімдерін растаған жылдың 60 түлегіне, оның ішінде қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 30 түлегіне аттестаттар мен «Алтын белгі» белгісін табыстады.

Түлектер кеш бойы естелік сыйлықтар табысталған байқауларға, флеш-моб, дискотекаға қатысты. Барлық түлектер мен педагогтар үшін қазақстандық эстрада және кино әртістері: Қамшат Жолдыбаева мен Шакентия, Зируза, Айқын, рэпер Бонапарт, облыстық филармонияның солистері тосынсый болды. Бал мерекелік отшашумен аяқталды.