ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бейіндік мектептегі жасөспірімдердің жазғы дайындығы
13-06-2019 09:58
Бейіндік мектептегі жасөспірімдердің жазғы дайындығы

2019 жылы 11 маусымынан 21 маусым аралығында жазғы кезеңде жалпы білім беру пәндері бойынша жасөспірімдер олимпиадасына оқушыларды дайындау мақсатында  Павлодар  қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту  балалардың  дарындылығын дамыту  орталығында бейіндік мектебі жұмысын бастады.

Мектептегі  сабаққа  математика, физика, биология, химия, география бойынша кешенді, жасөспірімдер, Смагулов олимпиадасының жеңімпаздары және жүлдегерлері, қаланың  35 жалпы білім беру мектептерінің 83 оқушысы қатысады. Тапсырмалар жалпы білім беру пәндері бойынша дағды мен білімдерін бекіту және тереңінен  оқытуға  есептелген. Мектептің оқытушылар құрамы С. Торайғыров атындағы, Павлодар Мемлекеттік университеті, Павлодар Мемлекеттік педагогикалық университетінің ғылым кандидаты, магистр  қатарынан құрастырылған.