ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Мемлекеттік тілдегі ең үздік білім беру сайттары
13-06-2019 11:37
Мемлекеттік тілдегі ең үздік білім беру сайттары

2019 жылғы 7 маусым күні Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінде өткен «Мемлекеттік тілдегі ең үздік білім беру сайты» облыстық конкурсының финалына облыстың білім беру ұйымдарының 25 web-ресурсы қатысты.

Конкурстың қорытындысы бойынша I орынды 4 сайт, оның ішінде № 40 ЖОМ мектеп сайты, II орынды - № 30 ЖОМ сайты, III орынды - Павлодар қаласының № 7 мектебінің сайты жеңіп алды. «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы - «Ең интерактивті сайт», № 2 мектеп, Б. Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебі - «Үздік ақпараттық сайт» номинациялары бойынша жеңімпаздар атанды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысының білім беру басқармасының дипломдарымен, Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының грамоталарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Конкурс Павлодар облысының білім беру басқармасы, тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және облыстық ақпараттық технологиялар орталығымен ұйымдастырылды. Конкурстың мақсаты - ұлттық тұтастықты күшейтудің ең маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді дамыту басымдылығын нығайту, мемлекеттік тілдегі білім беру Web-ресурстарының толық масштабты жұмыс жасауын қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызу. Конкурсқа қатысуға CMS пайдаланатын, мемлекеттік тілде бірегейлігі ресімделген, мақсаттар мен міндеттерге жауап беретін, құрылымы және домен иерархия сыаяқталған Web-ресурстар ғана жіберілді.