ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Бірлік аралы» демалыс күнінің отбасылық лагерінің ашылуы туралы
14-06-2019 16:05

 

2019 жылғы 16 маусымда сағат 11.00-де Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында «Ошақ» отбасылық лагерінің ашылуы (Саматов көшесі 1/2) өтеді. Мақсаты-балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және «Бірлік аралы» демалыс күнінің бағдарламасы шеңберінде отбасылық тәрбие жүйесін нығайту үшін оңтайлы жағдай жасау.

Осы лагерьдің міндеттері:

балалар мен ата-аналардың ынтымақтастығын дамыту (бірлесіп өмір сүруді ұйымдастыру, қарым-қатынас, өзара түсіністік)

патриоттық, рухани-адамгершілік, жалпыұлттық құндылықтарды қалыптастыру

оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту: коммуникативтік, креативті, әлеуметтік, денсаулық сақтау

салауатты өмір салты дағдыларын дамыту.

Лагерь жұмысына Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері, қала мектептерінің оқушылары, соның ішінде әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балалары, ата-аналар, жалпы 50 адам қамтылады.

Лагерь бағдарламасы келесі іс-шараларды өткізуді көздейді:

Жылыжай, экология-ботаникалық кешен, «Жас эколог» мұражайы, «Тезірек. Жоғары. Күштірек» атты кіші олимпиада ойындары, бард әнінің кеші, туристік-жаттығу жолындағы шеберлік-сынып, «Жасыл ғаламшар» экоквест ойыны.

Лагерь жұмысының бағдарламасы отбасылық тәрбие жүйесін нығайту үшін жағдай жасайды және әр қатысушыға өз таланттарын білдіруге, ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға, белсенді, жауапты болуға, тіршілік әрекетін ұйымдастыру мәселелерін шығармашылықпен шешуге мүмкіндік береді.

 

Павлодар қаласы білім беру бөлім