ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепте «Жас батыр - 2019» ұлттық ойындар күнін өткізу туралы
14-06-2019 16:55

2019 жылғы 17 маусымда сағат 11.00 - 11.40 аралығында Павлодар қаласының денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы № 41 ЖОМ-да (Малайсары батыр көшесі, 41) Павлодар қаласының № 3 емханасымен бірлесіп мектеп жанындағы «Спортландия» жазғы лагерінде «Жас батыр - 2019» Денсаулық күні өтеді. Мақсаты - балалардың ұжымдық қарым-қатынасын үйрету, салауатты өмір салтын насихаттау, балаларды жаппай спортпен айналысуға тарту. Физикалық қасиеттерді дамыту: күш, ептілік, төзімділік, жылдамдық, ақыл-ой өткірлігін пайдалану. Серіктестік және өзара көмек сезімін тәрбиелеу. Емхана дәрігері Випогоров Денис Николаевич қатысады.

Денсаулық күні бағдарламасында:

3 - 4 сыныптар арасында ұлттық ойындар

5 - 6 сыныптар арасында "Тоғызқұмалақ" жарысы

5 - 6 сыныптар арасында жүзуден жарыс

«Асықату» 2 сыныптар арасында.

Спорттық іс-шараларды өткізуде Павлодар облысының орта білім беру ұйымдары арасында «Биіктерге бірге!» үздік спорттық жоба конкурсында «Самұрық - Қазына» - «Менің елім» АҚ-дан  (бас директор Е. Дәрімов) иеленген спорттық жабдықтарықпал етеді.  Жасанды жабыны бар мектеп футбол алаңының ашылуына «NV-Lab» ЖШС директоры Евсеев Роман Викторович (2017 жыл) өз үлесін қосты.

Бүгінгі күні мектеп өзінің спорттық жетістіктерін мақтан етеді. Мектеп командасы үш жыл қатарынан Республикалық телевизиялық «Мен – чемпионмын!»  ойынына қатысып кубок иегерлері атануда.7-сынып оқушысы Иван Щепов - паралимпиадашы. Паралимпиадалық жастар арасында жүзуден Қазақстан құрама командасының құрамы мүшесі. Тірек-қимыл аппараты мен көру қабілеті зақымдалған спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының жастар чемпионатының жүлдегері.

Атырау қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы VI республикалық спартакиаданың жүлдегері. «Батыр» футбол командасы әр түрлі жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы болып табылады.

«Қысқы демалыс» жүлдесі үшін қалалық шағын футболда - ІІ орын, Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне арналған шағын футболдан қалалық ашық турнирде - ІІ орын, 2017 жылы Наурыз мерекесіне арналған футболдан қалалық жарыстарда - ІІІ орын.

Мектеп баскетбол командасы 2006 - 2007 жылы туылғандар арасындаекі жыл бойы қалалық жарыстарда кубок пен бірінші орын алды.

Осы жылы тұңғыш рет біздің мектеп Жеңіс күніне және Қазақстан Республикасының Жастар жылына арналған жеңіл атлетикалық жүгіріске қатысты. Жүру бағыты Павлодар-Қарағанды.

 

Мектепте футбол, волейбол, баскетбол, жүзу, теннис, тоғызқұмалақ, шахмат секцияларына қатысу үшін жағдай жасалған.

 

Павлодар қаласының білім  беру бөлімі

 

Спикерлер

 

Т. А. Ә.

Лауазымы

№ Тел.:

Пошта:

 

1

 

2

 

3

 

 

Абишева Зарина Кенжебаевна

Аюпов Амангелді Серикович

Лаврентьева Оксана Анатольевна

Мектеп ДТЖО

 

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Дене шынықтыру мұғалімдерінің ӘБ жетекшісі

500331

41scool@mail.ru