ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Алматыда өткен халықаралық байқаудың жеңімпаздары
18-06-2019 15:09
Алматыда өткен халықаралық байқаудың жеңімпаздары

Павлодар қаласының № 51 сәбилер бақшасының тәрбиеленушілері Алматы қаласында өткен «Art Summer Dance» ІІІ халықаралық шығармашылық фестиваль-байқауына қатысты. Фестивальде Қазақстан өңірлерінен 600-ден астам қатысушы вокал, хореография, аспаптық жанр, хор, көркем сөз бойынша өз қабілеттерін көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша балабақшаның хореографиялық тобы 6 - 7 жасар 16 тәрбиеленуші І орынды иеленді. Балалар «Сүйікті әжеме» би номерін көрсетті. Балалар би ұжымы 2018 жылы құрылды. Осы жылы «Таңғы шұғыла» байқауы аясында өткен «Мен сені сүйемін, Қазақстан!» халықаралық байқауының гран-при жүлдесіне ие болды. 2019 жылы топ қалалық «Рауан», облыстық «Бүлдіршін» байқауларының гала-концерттеріне қатысып, Павлодар қаласында өткен «Grand Musik», «Kazakhstanstars балалар шығармашылығы халықаралық фестиваль-байқауларында бас жүлдені иеленді. Көркемдік жетекшісі тәрбиеші Желобанова Марина Вячеславовна екі рет халықаралық байқаулардың «Ең үздік қоюшы хореограф» медалімен марапатталды.