ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Астана күні мерекесіне қатысу
03-07-2019 16:45
Астана күні мерекесіне қатысу

2019 жылы 1 - 6 шілде аралығында  Павлодар қаласы білім беру бөлімі мектеп,қосымша білім беру мекемелерімен  бірлесіп, Астана күні  мерекесіне  арналған шаралар өткізеді.

1 - 5 шілде аралығында «Жигер» балалар-жасөспірімдер клубының 16 аула клубтарында жаппай-спорттық шаралар, «Super бала» көңілді жарыстар өтеді. 3 шілде де «Нұр-Сұлтан - столица Казахстана» фильмі көрсетіледі, 4 шілде де, «Знатоки истории» викторина-ойыны, 5 шілде «Өнерім саған - Тәуелсіздік Қазақстан!» вокалдық байқау өтеді. Шараға мектеп жанындағы  лагерьлерден 2 мыңнан аса балалар, ықшамаудан балалары,ата-аналар қатысады.

3 - 5 шілде де 42 мектеп жанындағы және бейіндік лагерьлерде байқаулар, викториналар, Елбасы Н. А. Назарбаев - Қазақстан Республикасының Алғашқы Президенті, Астана Күніне арналған жалпы 2 мыңнан аса бала  қамтылуымен мерекелік концерт өткізіледі.

Павлодар қаласының балалар көркемөнер мектебінде 5 шілде де «Ел жүрегі Нұр-Сұлтан» көрмесі ашылады. Мектеп оқушыларының 30 аса жұмысы ұсынылады. Көрме 15 шілдеге дейін ұзартылады. Ашылуға павлодарлық суретшілер шақырылды, балалар, педагогтар қала тұрғындары қатысады.

«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту балалардың дарындылығын дамыту орталығы мектеп жанындағы балалармен бірлесіп 5 шілде де қалалық саябақта «Арман қала» мерекелік бағдарламасын ұсынады. 6 шілде де «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығында «Балуан Шолақ «Жаужүрек» театралдық көрінісі ұсынылады.