kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2919540
Бір айда116425
Бір аптада21272
Кеше3125
Тәулік1864
«Мектепке жол» жылсайынғы акция бастау алды
05-07-2019 17:16
«Мектепке жол» жылсайынғы акция бастау алды

Биыл көмекке мұқтаж балаларды көптеп қамту мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы дәстүрлі акциясына дейін бір ай бұрын шілде айынан   басталады және 30 қыркүйекте аяқталады.

Павлодар қаласында ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім-балалар, аз қамтылған отбасының балаларына жаңа оқу жылында көмек көрсету мақсатында «Мектепке жол»  жылсайынғы  республикалық  акция өтеді.

«Мектепке жол»  қайырымдылық  акциясының мақсаты - ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім-балалар, аз қамтылған отбасының балаларына материалдық және қаржылық  көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке атыспаушылардың алдын алу. 

Акция аясында мектеп формасы мен оқу-құралдарын сатып алуға қайырымдылық көмекке мұқтаж көпбалалы және аз қамтылған отбасы қатарынан балалар тізімі құрастырылады, оқумен қамтылмаған балаларды айқындау үшін рейд және үйлерді аралау жүргізіледі. Акция жүргізуге шаралар Жоспары дайындалған, осыған сәйкес қайырымдылық шаралары жоспарланды. Барлық жалпы білім беру мектептерінде акция бойынша ақпараттық қабырғалар рәсімделген.

Барлықтарыңызды акцияның белсенді қатысушылары болуына шақырамыз! Акция ерекше қайырымдылық сипатта.  Сіздердің әрқайсыларыңыз мектепке жол ең жақсы және бақытты болу үшін, баланы мектепке дайындауға қолдан келерлік  атаулы көмек көрсетіп азаматтық  белсенділік көрсете аласыздар!