ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Ертіс» футбол орталығы жаттықтырушыларының шеберлік сыныбы
12-08-2019 16:26
«Ертіс» футбол орталығы жаттықтырушыларының шеберлік сыныбы

«Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында балалардың жазғы демалуының 3 маусымы аясында «Ертіс» футбол орталығы жаттықтырушыларының шеберлік сыныбы өтті. Мақсаты - футболдан спорттық шеберлікті арттыру және салауатты өмір салтын жүргізу.

«Ертіс» футбол орталығының жаттықтырушылары Иноземцев Илья, Джусупов Әлібектің басшылығымен орталық стадионында 24 футбол әуесқойлары жаттықтырушылармен шеберлік-сыныпқа қатысу мүмкіндігіне ие болды. Шеберлік-сыныпта ойыншылар тактикалық және техникалық дағдыларды, футболдағы кәсіби ойын аспектілерін - допты иелену тәсілдерін, дриблинг, футболдағы финттер, құрамдастырылған қозғалыстар, қақпаға соққы жасады. Бұл өзін көрсетуге мүмкіндік және одан әрі жаттығу үшін өте жақсы ынталандыру. № 24 ЖОМ 6 сынып оқушысы Айткенов Расул - жаттықтырушылар бізге бәрін жылдам жасау керектігін, уақытты жоғалтуға болмайтынын және команда үшін әрдайым ойнау керек деп айтты. Жаттығу соңында қатысушылар «Ертіс»  футбол орталығының фирмалық шарфын алды.

«Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында балалардың жазғы демалуының 5 маусымында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 427 оқушысы демалды. 13 - 23 тамыз аралығында «Балдәурен балалық шақ!» атты соңғы жазғы ауысымында 100 баланы қабылдау жоспарлануда.