ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Музыкалық мектептің бейінді лагеріндегі балалардың жазғы демалысы
13-08-2019 09:43
Музыкалық мектептің бейінді лагеріндегі балалардың жазғы демалысы

Павлодар қаласы балалар музыкалық мектебінің «Сириус» мектеп ішіндегі бейінді лагерінде жаз бойы балалардың сыңғырлаған дауысы естіледі. Тамыз айынан бастап екінші маусым жұмысы басталды. Ауысымда ықщам ауданда тұратын және музыкалық мектеп қатысушылары есебінен 70 бала қатысады.

Күні бойына қуат алу үшін лагерде күнделікті таң қарапайым және қызықты жаттығулардан басталады. Осы маусымда «Солнечный камертон», «Писательский челлендж», «Алтын казына»,  «Оркестр для всех», музыкалық театр «Special», «Караоке-клуб» жоба жұмыстары жалғасуда.

         Жоба шеңберіндегі іс-шараларға қатысудан басқа балалар әскери даңқ мұражайына, «Баянтау» спорт кешеніне тартымды саяхаттап, «Король Лев» фильмін көруге кинотеатрға барды. Қалалық баққа барумен балаларға табиғат аясында демалу, таза ауада түрлі ойындарға, спорт алаңында көңілді эстафеталарға қатысу, жаттығу құрылғыларында, түрлі биіктікті қоссырық пен белтемірде жаттығулармен айналысу, әткеншек тебу мүмкіндігі ұсынылумен Нептун күні өте көңілді және ұмытылмастай етіп өткізілді.

         Жазғы маусымның жабылуымен балаларды ұмытылмас сезімдер мен әсер, тосын сыйлар күтуде, «Мы маленькие дети - нам хочется играть» флешмоб өткізу, «Тараканище» театралдық қойылымын қою жоспарлануда. Барлығы бейінді лагерде 200-ден астам балалар демалды.