kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2927920
Бір айда149361
Бір аптада37165
Кеше7362
Тәулік604
«Мектепке жол» республикалық акция жалғасуда
14-08-2019 11:39
«Мектепке жол» республикалық акция жалғасуда

Павлодар қаласының білім беру бөлімімен «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында жұмыстар жалғасуда. Шілде айынан бастап балаларға оқу жылына дайындалуға көмек көрсету бойынша акцияға қатысуға меценаттар, кәсіпкерлер, ұйымдар, мекемелер, ҮЕҰ, қалатұрғындары қосылады. Осы кезеңде азқамтылған және көпбалалы отбасыларынан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1500-ден астам балаға көмек көрсетілді. Бұл мақсатқа демеушілер 2 млн. теңгеден астам қаржы бөлді.

№ 41 ЖОМ-да жалпы білім беру қорынан 121 оқушы үшін мектеп формасы алынды: блузкалар, жейделер, шалбарлар және юбкалар, рюкзактар, кеңсе тауарлары. «МФО KMF» СҰ жеке кәсіпкерлері, «Аружан» ЖК, «Шик» СҮ, «Батырмол» СҮ «Орби» бөлімі, «Дом одежды» «Стиляшки» бөлімі, «Инфити Казахстан» ЖШС мектеп киімін - тройка, блуз, көйлек және спорттық аяқкиім сатып алуға көмек көрсетті.

«Ауыл балаларына - мектепке сыйлықтар» қайырымдылық акциясы шеңберінде «Артур» СҮ жалпы сомасы 1420000 теңгеге Ленин к., Жетекші к., Павлодар к., Кенжекөл ауылының аз қамтылған отбасыларының 700 балаларына көмек көрсетті. «Баланы мектепке жинайық» қайырымдылық акциясы Nur Otan партиясының облыстық филиалында өтті. 17 көп балалы, аз қамтылған отбасылар үшін тәттілер, балмұздақ, аниматорлар бар мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Балалар мектеп формасын және кеңсе тауарларын сатып алуға сертификаттар алды. Оны ұйымдастырушылар облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, бизнес-құрылымдардың өкілдері болды. 12 тамызда № 28 ЖОМ «Мектепке бірге» акциясы өткізіледі, № 21, 43 мектептері демеушілер мен меценаттардың қатысуымен «Мейірімділік қасымызда», «Баланы мектепке жинаймыз» іс-шараларын өткізу жоспарлануда. 14 тамызда «Мектепке бірге жинаймыз» атты мектеп тауарларын жинау бойынша қайырымдылық акциясы өтті, оған «Манақбай», «Отау», «Барыс», «Гуливер», «Арман» СҮ қатысты. Сондай-ақ, акцияны № 4 мектептің волонтер-оқушылары да қолдады, олар сауда үйлерінде, қала көшелерінде парақшалар таратады, қалалықтарды акцияға қатысуға шақырады.

Одан әрі, 15 - 17 тамыз аралығында Әбусейітов атындағы МСО-да 100-ден астам сауда фирмаларының қатысуымен төмен бағамен мектеп жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда. 15 тамыздан бастап көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасыларының балалары Павлодар қызмет көрсету саласы колледжінде шаштарын тегін қиғызуларына болады.

Айта кету керек, Республикалық акция шілдеайындабасталып, 30 қыркүйеккедейінжалғасады. Акцияға қатысу үшін тілек білдірушілер штабқа 32-77-80, 30-14-97 телефондары арқылы хабарласа алады.