ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жыл тәрбиешісі» қалалық конкурсы
09-09-2019 11:56

2019 жылғы 16 - 24 қыркүйек аралығында білім беру бөлімімен № 29 сәбилер бақшасында «Жыл тәрбиешісі» конкурсы өткізіледі.

Конкурстың мақсаты мектепке дейінгі мекемелерде шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарды анықтау және қолдау көрсету, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және дамыту тәжірибесіндегі инновациялық қызметін ынталандыру және мадақтау болып табылады.

Конкурс екі кезеңде өтеді.

16 қыркүйекте І тур шеңберінде қатысушылар өздерінің инновациялық тәжірибесін ұсынады, педагогикалық ұстанымын қорғайды.

23 - 24 қыркүйекте финал шеңберінде қатысушылар бейтаныс топта мастер-класс - ашық сабақтар өткізеді. Жас мөлшеріне қарай топтарды және қызметінің формасы қатысушылардың таңдауымен.

Конкурс қортындысы бойынша төрт жүлдегер анықталады: гран-при және «Үміт», «Шеберлік шыңына», «Шоқжұлдыз» атты әрбір номинация бойынша бір жеңімпаз және үш лауреат. Байқау жеңімпаздары мен лауреаттарды марапаттау рәсімі «Ұстаздар күні» мерекесі шеңберінде өтетін болады.

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі