Мұғалімдер күні қарсаңында Қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ кеңесі мен педагогикалық еңбек ардагерлері кеңесінің бастамасымен қалалық білім беру мекемелері ардагерлерінің бастауыш ұйымдарының төрағаларымен дәстүрлі кездесу өтті. Мектеп директоры Р. С. Досанова бастаған Павлодар қаласының № 17 мектептің педагогикалық ұжымы ардагер ұстаздарды қуана қарсы алды.
Кездесу қонақтарын қалалық кәсіподақ кеңесінің төрайымы С. Ш. Сеитова қарсы алды. Ол ардагерлерге өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, бастауыш мектеп ұйымдарында ардагерлермен жүйелі жұмыс істеуге, ұжымдарда тұрақтылық пен моральдық психологиялық климатты қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Мереке қонақтары үшін мектеп оқушылары мен педагогтар ұжымы атынан жарқын мерекелік бағдарлама дайындалды, әндер шырқалды, конкурстар өткізілді. Ардагерлер жылы және қуанышты қабылдаулары, көңілдері мен қамқорлықтары үшін алғыстарын білдірді.