ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Павлодар қаласы әкімінің педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесуі
07-10-2019 14:31
Павлодар қаласы әкімінің педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесуі

Мұғалімдер күні қарсаңында 2019 жылғы 4 қазанда Павлодар қаласының әкімі Қ. Т. Нүкенов «Ақ Отау» мейрамханасында педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесті. Шақырылған 100 ардагердің ішінде ең үздік педагогтар, білім беру мекемелерінің директорлары, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мамандары болды. Қала әкімі өз сөзінде педагогикалық еңбек ардагерлеріне қаланың білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Мерекеде ардагерлер қаланың білім беру жүйесінің дамуы туралы, балалармен жұмыс істеген кездегі жарқын сәттер туралы еске алып, әр жылдардағы әндерді орындап, мектеп әуендерін шырқады.

Ардагерлерге арналған тамаша мереке үшін өздерінің жылы ниеттерін қала әкіміне білдірді. Қала әкімінің атынан барлық қатысушыларға раушан гүлдері табыс етілді. Қонақтарға қала мектептерінің жас педагогтары дайындаған концерттік нөмірлер ұсынылды. Барлық қатысушылар Естай атындағы ҚМС-да қала педагогтарына құрмет көрсету мерекесіне шақырылды.