ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептері директорларының кеңесі
09-10-2019 16:28
Қала мектептері директорларының кеңесі

       Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2019 жылғы 8 қазанда жалпы білім беру мектептері директорларының кеңесін өткізді. Кеңесте «2019 жылғы жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру қорытындылары туралы», «2019 - 2020 оқу жылының басына жалпы орта білім беру мекемелерінің оқу - материалдық базасының дайындығы туралы», «Оқу жылының басталуын ұйымдастыру бойынша білім беру мекемелерінің қызметі туралы. Оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету туралы», «ҰБМБ электронды базаларын және «Күнделік» ақпараттық жүйесін толтыру туралы» мәселелер тыңдалды.

Қаралған мәселелер бойынша Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы ұсыныстар мен тапсырмалар берді. Балалардың мектепте қауіпсіз болуын қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормативтік құжаттардың сақталуына, ҰБМБ электронды базасын және «Күнделік» ақпараттық жүйесін толтыруды, кітапханашылар жұмысын, кітапхана қорының сақталуын, білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестациялауды өткізу бойынша жұмысты ерекше бақылауға алу туралы ерекше назар аударылды.

Мектеп үйірмелеріндегі, секцияларындағы қызығушылықтары бойынша балаларды жұмыспен қамту, олардың бос уақытын ұйымдастыру, «Тәуекел тобы» оқушыларымен алдын алу жұмыстары бойынша ата-аналармен жұмыс жасау туралы ұсыныстар берілді. № 6, 11, 15, 20, 32, 38 мектептерде домбыра үйірмелерінің ашылуы туралы, № 5, 9, 13, 16, 21, Б. Момышұлы атындағы, 24, 26, 29, 34, 36, 37, 39, 43 мектептерде домбыра үйірмелеріне оқушыларды қамтуды арттыру туралы ұсыныс жасалды.