ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Кәсіподақ қызметкерлерінің мерекесі
11-10-2019 09:25
Кәсіподақ қызметкерлерінің мерекесі

2019 жылы 10 қазанда № 41 ЖОМ-да Павлодар қаласы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ жетекшілерінің кездесуі өтті.

Қалалық филиал төрағасы С. Ш. Сеитова әріптестерін Қазақстан Республикасының кәсіптік одақтары күнімен құттықтап, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша кәсіподақтардың алдағы міндеттеріне тоқталды. Алғашқы кәсіподақ ұйымы төрағаларының назарына әлеуметтік әріптестік тетіктерін жетілдіру жөніндегі жұмыстың маңызды бағыттары, жеке еңбек жанжалдарының алдын алу және шешу және қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмыстар туралы айтылды. Кездесу кәсіби комитеттердің белсенділерін марапаттаумен және мерекелік концертпен аяқталды.