ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мемлекеттік қызметтер көрсету қорытындысы бойынша шағымдану тәртібі туралы ақпарат
01-10-2019 18:15

1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету

Мәселелері бойынша шағымдары осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңына сәйкес қаралуға жатады.

 

2. Орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар

қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, көрсетілетін қызметті берушінің, халыққа қызмет көрсету орталығының атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына (Қазақстан Республикасының мемлекетік қызмет істері агенттігі) келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

 

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау

жөніндегі уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің шағымды қарау мерзімі:

шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады

 

Сұрақ туындаған жағдайда төмендегі телефонға хабарласуға болады:

322167 – «Павлодар қаласы білім беру бөлімі» ММ;

20-85-06 – Мемлкеттік қызмет істері жөнідегі Агенттік департаменті;

1414 – «Электронды үкімет» порталының мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы.