Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Мектепке жол» республикалық акция
14-10-2019 09:32
 «Мектепке жол» республикалық акция

Павлодар қаласында аз қамтылған отбасы балаларына, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмек көрсету мақсатында жыл сайынғы республикалық «Мектепке жол» акциясы өтті. Ағымдағы жылы көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акцияның дәстүрлі басталуына бір ай қалғанда, шілде айынан басталып 30 қыркүйекте аяқталды.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің акциясын өткізу іс-шаралар жоспарына сәйкес тұрмысы төмен, көп балалы, аз қамтылған отбасылар бойынша 577 рейдтік іс-шаралар өткізілді. Рейдтерге білім беру, ішкі істер, халықты әлеуметтік қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар қоғамдастығының және бұқаралық ақпарат құралдарының 811 өкілі қатысты.

Білім беру бөлімінде штаб құрылды, оның құрамына «Ulttyn balashagy» қоғамдық қорының өкілдері кірді. Акция барысында мемлекеттік мекемелерге, ұйымдарға және қала кәсіпкерлеріне қайырымдылық акциясына белсенді қатысу туралы хат жолданды. «Ауыл балаларына - мектепке сыйлықтар» қайырымдылық акциясы барысында 2019 жылы 25 шілдеде «Артур» сауда үйінің кәсіпкерлері Ленин, Жетекші, Павлодар, Кенжекөл ауылдарының аз қамтылған отбасынан шыққан 700 балаға жалпы сомасы 1 420,0 мың теңгеге көмек көрсетті.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі акция шеңберінде 15 - 17 тамыз аралығында Әбусейітов атындағы МСО-да мектеп жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге 10-нан астам сауда фирмалары қатысты, олар кеңсе тауарларын, мектеп киімдерін, аяқ киімдерін 10-нан 35% жеңілдікпен ұсынды. 2019 жылғы 26 тамызда «Колос» БДО «Бірінші сыныпқа бірінші рет!» - 20 болашақ бірінші сынып оқушылары рюкзактар мен кеңсе тауарларын алды.

«Nur Otan» партиясының облыстық филиалында 29 тамызда «Красный полумесяц» ҚБ «Мектепке жол» акциясы аясында 70 отбасына халық тұтынатын тауарларды сатып алуға әлеуметтік сертификаттар берді. «Халық банкі» АҚ 20 бірінші сынып оқушыларына кеңсе тауарлары салынған портфель сыйлады. «Жақсылық жаса» акциясы шеңберінде оқу жылының басында «Добряков клубы» ҚБ 130 балаға көмек көрсетті, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 30-дан астам оқушысы сұлулық салондарына барды. Павлодар қызмет көрсету колледжі акция кезінде тегін шаштараз қызметін көрсетті. Акцияға қоғамдық ұйымдар, еріктілер, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, облыстық полиция департаменті белсене қатысты.

Мектептерде «Мектепке бірге», «Мейірімді қасымызда», «Баланы мектепке жинайық» атты іс-шаралар, акциялар өткізілді. 42 жалпы білім беретін мектептерде ақпараттық стендтер ресімделді, шағын аудандарда акция барысы туралы парақшалар орналастырылды. Осы акция бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат күн сайын БАҚ және әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланды.

«Мектепке жол» республикалық акциясының қорытындысы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарынан 4771 балаға жалпы сомасы 35507,0 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен - 14510,0 мың теңге.