ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Дене шынықтыру және АӘД бойынша үздік мұғалімдерді марапаттау
14-10-2019 09:55
Дене шынықтыру және АӘД бойынша үздік мұғалімдерді марапаттау

Облыстық білім беру бөлімінің өңірлік оқу-практикалық дене тәрбиесі орталығымен «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде облыстың жалпы білім беретін мектептерінің спорт және алғашқы әскери дайындық мұғалімдері күніне орай марапаттау өткізілді.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру комитетінің Алғыс хатымен Кенжекөл ЖОМ дене шынықтыру мұғалімі Жаңабай Қайырбекұлы Әбенов марапатталды.

Облыстың аймақтық оқу-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының грамотасымен 24 жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық мұғалімдері, оның ішінде Павлодар қаласының № 1, 2, 5, 6, 7, 9, 12, 22 ЖОМ 8 мұғалімі марапатталды. Павлодар қаласының № 2, 22, 25, 29, 36, 37, 43 мектептері мен № 16 лицей-мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері оқушылар арасында спортты дамыту ісінде үнемі ынтымақтасқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.