ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Биология бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары
06-11-2019 15:58
Биология бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары

  Биология   пәні бойынша жасөспірімдер олимпиадасының  облыстық кезеңінде  ең жақсы білгірлері атағына олимпиаданың аудандық, қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, облыстың  мамандандырылған   мектебі мен Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің 7 - 8 сыныптың 85 оқушылары күресті. Павлодар  қаласының  командасы атынан № 1 ЖОМ 8 сынып оқушысы - Савицкий Егор, № 16 лицей-мектебі Марчук Мария, № 24 ЖОМ - Ананьев Илья, Жетекші ЖОМ - Айгүмісова Майра, К. Макпалеев атындағы мектеп  - Полянцева Ангелина қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар қаласының  № 24 ЖОМ 8 сынып оқушысы Ананьев Илья ІІІ орын алды. Илья биология бойынша қалалық олимпиада жүлдегері (ІІ орын, 2018 жыл) және 2019 жылы  ғылыми жобалардың  қалалық жарысында  ІІІ орын алды.

Олимпиада 2019 жылы  5 қарашада  Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінде өткізілді. Мақсаты - биология пәніне қызығушылығын ынталандыру, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, зияткерлік мүмкіншілігін дамыту үшін жағдай жасау.