ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Өлкетану танымдық қызметтің негізі ретінде
13-11-2019 16:23
Өлкетану танымдық қызметтің негізі ретінде

Павлодар қаласы білім беру бөлімі 2019 жылғы 12 қарашада № 28 мектепте «Өлкетану оқушылардың танымдық іс-әрекетінің негізі ретінде» атты семинар-практикум өткізді. Мақсаты-жұмыс тәжірибесімен алмасу, өлкетануды оқытудағы үздік педагогикалық әдістемелерді тарату, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде ізденіс-зерттеу жұмыстарын қолдау. Мектеп бағдарламасында өлкетанудың біріктірілген курсы география, тарих, қазақ әдебиеті және музыка сабақтарында оқытылады. Оған 45 мұғалім қатысты.

Семинарда балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының өлкетану бөлімінің меңгерушісі Ефимова Ирина Александровна «Балаларға арналған туристік-өлкетану бағыты бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеу технологиясы», Вервекин Александр Анатольевич (директор) «Өлкетану жұмысын ұйымдастырудағы география үйінің тәжірибесі» мәселелері бойынша өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Семинардың практикалық бөлімінде № 14 ЖОМ қазақ тілі мұғалімі Ақмарал Аблайханқызы Қайырбекова, № 21 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі Максим Иванович Шишлов, Ирина Александровна Малахова, Арман Бекболатұлы Қайыргельдинов, Жетекші ЖОМ география пәнінің мұғалімдері мектепте зерттеу жобалау жұмыстарын, өлкетану бойынша сыныптан тыс және сабақтан тыс іс-әрекеттерді жүргізудің әдістемесі мен тәсілдерін ұсынды, облыстың киелі жерлері бойынша жолсілтеме және мектеп мұражайында жұмыс жасауды ұсынды.

      Семинар қорытындысы бойынша Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскерлері Сәбитова Назира Сайделенқызы, Айтжанова Гүлзат Ерсайынқызы, Алыбаева Зарина Серікқызымен өлкетану жұмысын ұйымдастыру, біріктірілген сабақтар өткізу, мұражайлардың сабақ өткізу мүмкіндігін пайдалану туралы ұсыныстар берілді.