ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Үкілі домбыра» домбыра сабақтары YouТube-каналының ашылуы
27-11-2019 17:04
«Үкілі домбыра» домбыра сабақтары YouТube-каналының ашылуы

    2019 жылғы 27 қарашада Павлодар қаласының балалар музыка мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы Даланың жеті қыры» жобасын жүзеге асыру аясында «Үкілі домбыра» домбыра сабақтары YouТube-каналының салтанатты ашылуы болды. Ұйымдастырушылары Павлодар қаласының Білім беру бөлімі, К.Б. Даржуман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі, Павлодар қаласының Балалар музыка мектебі болып табылады. Іс-шараға Павлодар қаласының Білім беру бөлімі, «Нұр Әлем - аналары» ҚБ, педагогикалық қызмет ардагерлері, домбыра сыныбы бойынша педагогтар М.Б. Кентаев, Т.М. Турлыбаева, Павлодар музыкалық колледж директоры С.К. Сыздыков, К.Б. Даржуман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі, Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінің педагогтары мен оқушылары қатысты.

      Ашылу салтанатында онлайн домбыра жобасының презентациясы, К. Б. Даржуман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі тәрбиеленушілерінің қолданбалы өнері бойынша көрмесі болды. Балалар музыка мектебінің педагогы Жұлдыз Рашитовна Корабаева көрермендерді домбыра аспабының құрылысымен, дыбыс шығару ережелерімен таныстырды, аспапта ойнау кезінде дұрыс отыруды, «Еркемай» қазақ халық өлеңін қадамдық меңгеру мастер-классын көрсетті.

   Онлайн домбыра әлеуметтік жобасы оқушыларға сонымен қатар онлайн тыңдармандарға қосымша білім берудің ресурсы сияқты, толеранттық рухта оқушыларды тәрбиелеуге, оқушылардың адамгершілік ұстанымдарын дамытуға, патриоттық сана-сезімді қалыптастыруға ықпал етеді. Домбырада ойнауды тарата отырып, «Үкілі домбыра» домбыра сабақтары YouТube-каналының жазылушылары жоба барысында аспапта ойнаудың тәжірибелік дағдыларын өздігінше меңгере алады.

     Онлайн-сабақтарды Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінің домбыра сыныбы бойынша Жулдыз Рашитовна Корабаева жүргізеді.

     YouТube-каналының сілтемесі:

     https://www.youtube.com/channel/UCttxzKbalIm_DWA1wdcdMVA