ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Болашақ бүгіннен басталады
28-11-2019 12:09
Болашақ бүгіннен басталады

2019 жылдың 28 қарашасында Павлодар қаласының барлық жалпы білім беру мектептерінде Тұңғыш Президент күніне орай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті.  Ұйым қатарына қала мектептерінен 2500-ден астам оқушы қабылданды.

«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» қатарына өз білімдерімен және өнерлерімен жеткен оқушылар қабылданады. Бүгінгі күні «Жас Ұлан» қатарында 6 - 9 сыныптардың 12548 оқушылары, «Жас Қыран» қатарында 1 - 4 сыныптардың 14496 оқушылары бар.

Іс-шараға Павлодар қаласы әкімдігі бөлімдерінің басшылары, еңбек сіңірген педагогикалық еңбек ардагерлері, мұғалімдер, «Жас Ұлан», «Жас Қыран» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы көшбасшыларының ата-аналары шақырылды. Шақырылған қонақтар оқушыларға ұйымның атрибуттары - төсбелгі мен галстуктарды кигізді. Осы күні № 25 ЖОМ-да Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы С. О. Айтказина, «Nur Otan» партиясының Павлодар қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А. К. Маликова салтанатты жағдайда 50 ең үздік оқушыға төсбелгі мен галстукты кигізді. Олар: қалалық және облыстық олимпиадалардың, ғылыми-практикалық конференциялардың, спорттық жарыстардың, шығармашылық конкурстардың иегерлері. «Жас Ұлан» қатарына 25 оқушы, «Жас Қыран» қатарына 25 оқушы қабылданды.