ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Оқушылар орындауында бард әндері
28-11-2019 15:47
Оқушылар орындауында бард әндері

2019 жылғы 21 қараша күні Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Ертіс сыңғыры» қалалық бард әндері фестивалінің 1-ші кезеңін өткізді. Павлодар қаласының № 9, 16, 25, 29, 34, 39, 40, 41 және де орталық балалар бірлестіктерінің тәрбиеленушілері қатысты. Жалпы саны 100-ден астам.

«Гитарамен сүйемелдеу негізінде әндер орындау», «Дуэт», «Ансамбль», «Авторлық ән», «Туристік-өлкетану әні» атты үш жас тобтары бойынша байқау өткізілді. Фестиваль қорытындысы бойынша 2019 жылғы 22 қараша күні № 16 мектеп-лицейінде гала-концерт және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Сайыскерлердің орындауында достық, Ертіс өңірінің туған өлкесі туралы әндер шырқалды.

«Ансамбль»  санатында I орынды № 34 ЖОМ «Айналайын», № 41 ЖОМ «Зеленая карета», № 34 ЖОМ «Сталкер», № 40 ЖОМ «Радуга» (кіші топ), № 40 ЖОМ «Радуга» (үлкен топ) ансамбльдері иеленді. II орынды № 9 мектеп-гимназиясының триосы иеленді.

         «Туристік-өлкетану әні» санатында № 41 ЖОМ ансамблі жеңімпаз атанды, II орынды экология және туризм орталығының «Пилигрим» клубының тәрбиеленушісі Юзеева Алсу иеленді.

         «Дуэт» санатында I орынды № 25 ЖОМ «Жанр» дуэті иеленді. «Авторлық ән» санатында I орынды № 16 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Левченко Леонид иеленді.

         «Гитарамен сүйемелдеу негізінде әндер орындау» категориясында I орынды № 41 ЖОМ 7 сынып оқушысы Соколова Дарья, № 26 ЖОМ 11 сынып оқушысы Колесников Артем, № 40 ЖОМ 9 сынып оқушысы Осадчая Кристина, II орынды № 41 ЖОМ 7 сынып оқушысы Туйтебаев Ерсұлтан иеленді.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.