ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қала мектептерінде «Заманауи Қазақстан. Елбасы көшбасшылығының сабақтары» атты бірыңғай сабақ
29-11-2019 15:44
Қала мектептерінде «Заманауи Қазақстан. Елбасы көшбасшылығының сабақтары» атты бірыңғай сабақ

2019 жылғы 29 қарашада Павлодар қаласының барлық жалпы білім беру мектептерінде «Заманауи Қазақстан. Елбасы көшбасшылығының сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақ шеңберінде бірыңғай сабақтар өткізілді.

Мақсаты - білім алушыларда Тәуелсіз Мемлекет-Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Ұлт Көшбасшысының рөлі туралы түсінік қалыптастыру, қазақстандық патриотизмге және белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеу.

Бірыңғай сабақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеуге арналған және білім беру ұйымдарының білім алушыларының назарын Ұлт Көшбасшысының ерен еңбектеріне аударуға, жастардың бойында патриоттық және азаматтық жауапкершілік сезімін бекітуге, өзін-өзі жүзеге асыру дағдыларын дамытуға, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға бағытталған.

Дәріскерлер ретінде қаланың қоғам қайраткерлері, депутаттар, «Nur Otan» партиясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ғалымдар, саясаттанушылар, белгілі журналистер, педагогикалық еңбек ардагерлері, шағын аудан тұрғындары шақырылды.  Сабақтарға Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мамандары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, № 29 ЖОМ - С. Р. Калижанова, № 21 ЖОМ - М. А. Желнов, қалалық мәслихат депутаттары, № 1 ЖОМ - А. К. Тұрышев, Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, № 35 ЖОМ - С. Бекенұлы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры қатысты.

1-4 сыныптар үшін еліміздің Тұңғыш Президенті туралы бейнефильм, «Президент қандай болуы керек», «Егер Мен Президент болсам ...», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» мәнерлеп оқу сайысы Тұңғыш Президент-Елбасы фотосуреттерінің көрмесі ұйымдастырылды.

5-11 сыныптарда Н. Ә. Назарбаев туралы бейнеролик (презентациялар) көрсетілді, рөлдік ойындар, эссе жазу конкурстары, пікірталастар өткізілді, Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары талқыланды, мемлекеттік штандарттармен (Президенттің ерекшелік белгілерімен) танысу, жоғары сынып оқушылары Елбасына арналған өлеңдер жазды.

Бірыңғай сабақ іс-шараларына жалпы 40 мыңнан астам оқушылар қамтылды.