ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жалпы білім беру пәндері бойынша қалалық олимпиада өткізу туралы
29-11-2019 17:21

2019 жылы 5 - 6 желтоқсанда  № 37 ЖОМ (Ворушин көшесі, 6/2)  сағат 10.00. - 14.00-ге дейін Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық  олимпиаданың қалалық кезеңі өткізіледі.

Мақсаты – білім беделін көтеру, халықаралық  олимпиадаға қатысуға дайындық,дарынды балаларды айқындау үшін жағдай құру,өзін-өзі жүзеге асыруға көмектесу,практикалық іскерлігі мен теориялық білімдерін тереңдету,шығармашылық қабілетін дамыту.

Олимпиаданың қалалық кезеңіне  Павлодар қаласының  41 жалпы білім беру мектептерінен  8 - 11 сыныптың  739 оқушысы қатысады.

Жалпы білім беру пәндері бойынша олимпиада 2 бағыт бойынша 2 кезеңмен өтеді: жаратылыстану-математикалық (математика, информатика, физика, химия, биология, география); гуманитарлық (қазақ тілі және әдебиет, қазақ тілі, орыс тілі және әдебиет,орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі).

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады  және  I орын алған оқушылар қаңтар айында   олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімі