Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушының көркем гимнастикадан жетістіктері
05-12-2019 11:08
Оқушының көркем гимнастикадан жетістіктері

Павлодар қаласы № 24 ЖОМ-нің 5 сынып оқушысы Омирбекова Альдина Алматы қаласында өткен «Жаса Отаным - 2019» көркем гимнастика бойынша республикалық  турнирінде 2008 жылғы А топтағы қатысушылар арасында І орын теленді.

Альдина - облыстық құрама командасының, Қазақстан жасөспірімдер құрама командасының мүшесі, Қазақстан чемпионатының көркем гимнастика бойынша командалық біріншілігінде қола жүлдегері, халықаралық және республикалық жарыстардың, Баку, Люксембург, Тарту (Эстония) қалаларында өткен халықаралық турнирлердің жүлдегері. 2018 жылы Испанияда өткен Ллорет де мар, Мәскеу, Алматы, Астана халықаралық турнирлерінде І орындарға ие болды. Көркем гимнастикамен олимпиада резервінің мамандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде айналысады. Жаттықтырушысы КСРО спорт шебері, жоғары санатты жаттықтырушы, халықаралық санаттағы төреші Наталья Евгеньевна Мамашева.

Альдина мектептің үзік оқушыларының бірі, интеллектуалдық деңгейі жоғары, оқу бағдарламасы мен барлық оқу пәндерін жеңіл меңгереді. Дене тәрбиесі сабағы ерекше ұнайды. Мектептен тыс спортпен айналысады, кітап оқығанды жақсы көреді. Болашақта өзін спортқа арнауды жоспарлауда.