ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептерінің мұғалімдері Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған шахматтан блицтурнир өткізді
10-12-2019 11:14
Қала мектептерінің мұғалімдері Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған шахматтан блицтурнир өткізді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 2019 жылы 9 желтоқсанда № 41 ЖОМ-да Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептер мұғалімдері арасында шахмат бойынша блицтурнир өтті. Мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, мұғалімдер арасынан үздік ойыншыларды қолдау және мадақтау. Жарысқа 80 мұалім есебінде 40 команда (ерлер мен әйелдер құрамында) қатысуға ниет білдірді.

Турнир шарттары бойынша (командалық) қатысушылар швейцариялық жүйе бойынша 7 кезеңде жарысты. 1 ойыншыға тур уақыты 10 минут (қосусыз) анықталды. Ең көп ұпай жинаған командалар жеңімпаз атанды.

Жарыс қорытындысы бойынша Ең көп ұпай жинаған № 43, 16, 1 ЖОМ. І орынды № 43 ЖОМ командасы иеленді, құрамында шахмат мұғалімі Лозовская Яна, дене шынықтыру мұғалімі Пилипчук Сергей, II орын - № 16 ЖОМ командасы шахмат мұғалімі Гребенщиков Владимир, бастауыш сынып мұғалімі Исимова Алия, III орынды - № 1 ЖОМ командасы алды, шахмат мұғалімі Икрамов Марат, физика мұғалімі Конырова Алмагүл.

Ерлер арасындағы жеке сынақта I орынды № 16 ЖОМ шахмат мұғалімі Гребенщиков В., II орынды № 27 ЖОМ шахмат мұғалімі Дукембаев К., III орынды № 10 мектеп-лицейдің мұғалімі Габдушев А. иеленді. 

Әйелдер арасындағы жеке сынақта I орынды № 43 ЖОМ мұғалімі Лозовская Я., II орынды № 26 ЖОМ қазақ тілі мұғалімі Садвакасова А., III орынды № 9 мектеп-гимназия ның шахмат мұғалімі Габдушева К. иеленді.

Жалпы командалық есепте турнирдің жеңімпаздары Павлодар қаласы білім беру бөлімінің грамоталарымен, медальдарымен және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.