ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала оқушылары арасында шахматтан блиц-турнирді өткізу туралы
10-12-2019 14:51

2019 жылғы 13 - 14 желтоқсанда сағат 10.00-де № 41 ЖОМ (Малайсары батыр, 41) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Павлодар қаласының оқушылары арасында шахматтан блиц-турнир өтеді. Мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау, дарынды балаларды қолдау, өскелең ұрпақтың өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру. Жарысқа 2-8 сынып оқушыларының құрама командалары (ұл және қыз) қатысады.

Жарыстың шарттары бойынша жеке-командалық командалар швейцарлық жүйе бойынша 9 турда өткізіледі, 1 ойыншыға 10 минут (қосусыз) уақыт беріледі.

Жеңімпаздар жинаған ұпайлардың ең көп сомасы бойынша командалық есепте анықталады. Егер олардың көрсеткіштерітең болған жағдайда мынадай тәртіпте анықталады(аудару тәртібімен). Жеке сынақта жеңімпаздар әр тақта бойынша жинаған ұпай саны бойынша анықталады.

Турнир жеңімпаздары командалар арасында және жеке есепте Павлодар қаласы білім беру бөлімінің грамоталарымен және медальдармен марапатталады.

 

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі