ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
2020 жылға дейінгі даму Бағдарламасын іске асыру шеңберінде лицей-мектебінің педагогикалық іс-әрекетінің жағымды тәжірибесінің бағасы туралы
18-12-2019 12:46

2019 жылдың 19 қарашасында сағат 9.00 - 12.30 № 20 лицей-мектебі (Горького, 102/4) білім беру бөлімінің сараптама кеңесінің кезекті отырысы өткізіледі, тақырыбы «Білім берудің жаңартылған мазмұны мәнмәтінінде лицей-мектебінің даму стратегиясы мен жай-күйі».

Сарапшылық кеңесін өткізудің басты мақсаты «Павлодар қаласының № 20 лицей-мектебі» ММ инновациялық даму процесін сараптау болып табылады, 2020 жылға дейінгі даму Бағдарламасын іске асыру бойынша лицей-мектебінің педагогикалық әрекетінің жағымды тәжірибесінің бағасы.

Сараптамалық кеңестің отырысы барысында «Өзекті кадр» бейнепрезентация, № 20 лицей-мектебінің инновациялық әрекетінің панорамалық талдауы, интербелсенді, зерттеу технологиялары, проблемалы оқыту, толық меңгеру технологияларын қолдану арқылы ашық сабақтар ұсынылады.

Сараптамалық кеңесі мүшелеріне оқу бағдарламасының вариативті бөлігіндегі «Мектеп - жоо» мақсатты Бағдарламасы аясында арнайы курс сабақтары көрсетіледі: «Университеттік математика», «Генетикалық есептерді шығару бойынша практикум», «Қаржы сауаттылығы негіздері», «Аймауытовтану», «Қазақстанның киелі жерлері».

Сараптама кеңесінің қорытындысы ретінде «Объектиктегі креативтер» мен «Лицей жұлдыздарды жағады!» микс-жобаларының тұсау кесері ұсынылады.

Сараптама кеңесінің жұмысына Павлодар қаласының білім беру бөлімінің өкілдері, білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы, Инновациялық Еуразия университеті оқытушы-профессорлық құрамы, Павлодар қаласының инновациялық жұмыс бойынша мектеп директорларының орынбасарлары қатысады.

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі