ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Шаңғымен спорттық бағдарлау бойынша Қазақстан кубогының қорытындылары
24-12-2019 09:20
Шаңғымен спорттық бағдарлау бойынша Қазақстан кубогының қорытындылары

2019 жылғы 15 - 19 желтоқсан күндері аралығында Алматы облысы Талғар ауданы «Тау Тұран» демалыс лагерінде өткен шаңғымен спорттық бағдарлаудан Қазақстан Республикасының кубогына Қазақстанның 7 аймақтарынан спортшылар ұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Батыс-Қазақстан, Павлодар, Алматы, Ақмола, Қарағанды облыстары) қатысты. Павлодар облысын Павлодар қаласы білім беру бөлімі Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының «Вертикаль» клубы жоғарғы (18 және 20 жас аралығы) және кіші (14 - 16 жас аралығы) топтарының 9 тәрбиеленушілері мен жетекшісі Дьяченко Оксана Владимировна ұсынды.

Жарыс бағдарламасы 3 қашықтықтардан құралды - «Спринт», «Орта», «Алыс». Қатысушылардың нәтижесі қашықтықтар бойынша алған ұпайлардың сомасы негізінде шығарылды. Еріген қар, шөп және жабысқақ тікеннің трасса үстіндегі қозғалысты қиындата түскеніне қарамастан, «Вертикаль» клубының тәрбиеленушілері биік таулы жердегі қашықтықтардан табысты өте білді.

Қазақстан кубогының қорытындылары бойынша жоғарғы топ Дьяченко Мария, Дьяченко Антон, Орлова Софья жалпы кубок есебінде 4 орын иеленді. W45 тобында Дьяченко Оксана жалпы кубок есебінде I орын, М16 тобында Дьяченко Антон - «Спринт» қашықтығында II орын, W14 тобында Орлова Софья - «Орта», «Алыс» қашықтықтарында III орын иеленді.