Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Велоспорт бойынша жүлдегер
25-12-2019 10:53
Велоспорт бойынша жүлдегер

Павлодар қаласының № 21 мектебінің 7 сынып оқушысы Даниил Доценко 35 км қашықтықта оқушылар арасында велоспорт бойынша облыстық біріншілікте III орынға ие болды және үздік ондыққа енді. ҚазССР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Яценко Петр Евдокимовичке арналған жарыс Тереңкөл ауданының Тереңкөл ауылында өтті.

Даниил №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде велоспорт секциясында жаттығады, жаттықтырушысы Владимир Михайлович Романович. Ол 12 жастан бастап велоспорттан түрлі жарыстарға белсене қатысады. 2019 жылы қалалық чемпионатта III орынға ие болып, облыстық біріншілікке қатысты. Мектеп пәндерінен алгебра, дене шынықтыруды жақсы көреді, басқалармен тез тіл табысады, сыныптастарына қуана көмектеседі.