ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Каратэ бойынша облыстық жарыстардағы біріншілік
09-01-2020 09:26
Каратэ бойынша облыстық жарыстардағы біріншілік

Ақсу қаласында өткен облыстық жарыстарда Павлодар қаласының № 34 инновациялық үлгідегі мектебінің 9 сынып оқушысы Перевозчиков Владислав карате бойынша кумитэ бөлімінде 55+ кг салмақ дәрежесінде және ката пәні бойынша І орынға ие болды.

Владислав 5 жастан бастап «Нептун» спорт клубында каратэ секциясында айналысады, ол қара белбеу иегері, спорт шеберіне үміткер. «Оны мектепке әкелгенде, кішкентай баладан чемпион шығатыны туралы ешкім болжаған жоқ, 2 айдан кейін ол Семей қаласында өткен алғашқы жарыста күміс жүлдегер атанды», - деп атап өтті оның жаттықтырушысы Исатаев Арман Әмірханұлы, 4 дан қара белбеу иегері. Қазіргі уақытта Владиславтың спорттық қоржынында 55-тен астам медаль бар. 10 - 13 жыл аралығында ол Қазақстанның (2016 жылы Ақтау қаласында) және Еуразия чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2017 жылы Барнаул қаласында Еуразия чемпионы (I орын), Павлодарда өткен «Ертіс Арланы» аймақтық турнирінің жеңімпазы атанды. 2017 жылдың соңында оның кандидатурасы спорт шебері және қара белбеу дәрежесін алуға тест тапсыру үшін ұсынылды. 2019 жылы жаңа жас және салмақ категорияларына ауысып, Еуразия чемпионатында II орын, республикалық спартакиадада 2 қола, «Ертіс Арланы» чемпионатында күміс және облыстық жарыстарда 3 алтынға ие болды. Владислав қол жеткізген жетістіктеріне тоқтамайды, спортта және оқуда жетістікке жетуді жалғастыруда. Ол сынып старостасы, мектеп өміріне белсенді қатысады. Оның басты мақсаты - Қазақстан құрамасына түсіп, әлем чемпионатын ұтып алу.