Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туристік көпсайысы бойынша республикалық жарыстардың жүлдегерлері
14-01-2020 09:34
Туристік көпсайысы бойынша республикалық жарыстардың жүлдегерлері

Алматы облысында туризмнің негізін салушы Владимир Михайлович Чепелдің естелігіне арналған туристік көпсайысы бойынша республикалық жарыстарында спорттық шеберлігі мен техникалық сауаттылығын Қазақстанның 8 аймақтарының қатысушылары ұсынды, оның ішінде Павлодар қаласы білім беру бөлімі  Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының жинақ құрамасы болды. Жарыс шеңберінде туристік көпсайысы бойынша Қазақстан Кубогының І сатысы өтті, оған бозбалалардың 9 құрамасы, юниорлардың 11 құрамасы, ересектердің 3 құрамасы қатысты - Павлодар жинақ құрамасы «Вершина», «Пирамида», «Усольский меридиан» туристік клубтарының 20 тәрбиеленушілерінен құралды (юниорлардың 2 құрамасы, бозбалалардың 2 құрамасы).

Тау туризмі техникасынан жарыстардың барлық қашықтықтарының қорытындылары бойынша (жеке, тізбек, жартас) Павлодар жинақ құрамасы бозбалалар арасында III жалпықұрамалық орынды иеленді.

Юниорлар арасында «Жеке» қашықтығында I орынды Дерендяев Богдан, III орынды - Муравкина Дарья, II орынды - Лихолатов Константин, ересектер арасында II орынды Борисенко Даниил иеленді.

«Тізбек» қашықтығында бозбалалар арасында I орынды Дерендяев Богдан және Муравкина Дарья, юниорлар арасында II орынды - Деркач Кирилл және Киселёв Артём иеленді.

«Жартас» қашықтығында бозбалалар арасында III орынды Дерендяев Богдан, Идрисов Елнур, Муравкина Даша, Икласова Альбина иеленді.

В. М. Чепелдің естелігіне арналған «жарыстардың үздік спортшысы» дипломы және Кубогымен Дерендяев Богдан мен Муравкина Дарья марапатталды. Олар өз жас санатында (12 - 14 жас) «Жеке» және «Тізбек» қашықтықтарын толығымен өткен жалғыз қатысушылары болды.

Жинақ құрама жетекшілері дипломдар және грамоталармен марапатталды: Ридзаускене Ирина Валерьевна («Усольский меридиан» туристік клубы), Ридзаускас Владислав Юрьевич («Пирамида»), Агалаков Сергей Николаевич («Вершина»).

Республикалық жарыстар 2020 жылғы 4 - 8 қаңтар аралығында Алматы қаласында болды. Жабық бөлмелерде тау туризмі техникасы бойынша жарыстар Қазақстандағы ең үлкен скалодромы негізінде (биіктігі 12,5 метр) Қазақ спорт және туризм академиясының спорттық залында өтті.