ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Көру қабілеті бұзылған балалармен оқыту-сауықтыру жұмысы
24-01-2020 10:47
Көру қабілеті бұзылған балалармен оқыту-сауықтыру жұмысы

«Арнайы мектепке дейінгі мекемелер жағдайында мемлекеттік стандартты іске асыру» атты қалалық семинар Павлодар қаласының білім беру бөлімімен 2020 жылғы 23 қаңтарда көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған үлгідегі № 82 сәбилер бақшасында өткізілді. Қалалық балабақшалардың 30-дан астам педагогтары қатысты.

Дөңгелек үстел түріндегі семинар үш бөлімнен тұрды. Теориялық бөлімде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Н. К. Нұрғалиева арнайы және инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базасын, Л. Т. Геркус, балабақша әдіскері семинарға қатысушыларды балабақшаның оқу-әдістемелік базасымен таныстырды.

Семинардың практикалық бөлімінде мейірбике-ортоптист-медбикелер ортоптикалық кабинетте мектепке дейінгі балаларды ортоптикалық, плеоптикалық-ортоптикалық емдеу әдістерін көрсетті, балабақша тәрбиешілері көру қабілеті бұзылған балалармен түзету жұмысының құралы ретінде дене шынықтыру-сауықтыру және өнімдік түрлерімен таныстырды.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға жұмыста ары қарай пайдалану үшін әзірленген және бейімделген жұмыс бағдарламалары, көру қабілеті бұзылған балалармен жұмыс жасаудың әртүрлі технологияларымен әдістемелік құралдары бар көрме ұсынылды.