ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
70-тен астам қатысушы тоғызқұмалақ жарысында кездесті
27-01-2020 12:32
70-тен астам қатысушы тоғызқұмалақ жарысында кездесті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2020 жылғы 25 қаңтар күні Павлодар қаласының № 38 ЖОМ-да Мойылды, Павлодар, Кенжекөл, Жетекші, Ленин ауылдарынан 70-тен астам балалар мен ересектер тоғызқұмалақ турниріне қатысты. Турнир 16 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасынан, одан жоғары және үлкендер арасында 4 санатта өтті.

Жарыс швейцарлық жүйе бойынша 7 турдан өтті (7 минуттан). Ұлдар арасында 16 жасқа дейінгі категориядағы ең үздік ойыншылар болып Нугманов Данат, № 33 НБМ оқушысы (I орын), II орын Тілеубек Мұстафа, № 38 НБМ оқушысы, III орын Жоманов Санат, № 33 НБМ оқушысы. 16 жасқа дейінгі қыздар арасында І орынды Кенжекөл ЖОМ оқушысы Қабдулмажит Аяжан, ІІ орынды № 33 ЖОМ оқушысы Береке Еркежан, ІІІ орынды № 38 ЖОМ оқушысы Алькеева Дильназ иеленді.

16 және одан жоғары жастағы ерлер арасында I орынды Жетекші ОМ оқушысы Бекбаев Бекзат, II орынды Кенжекөл ауылының тұрғыны Қайыргелді Азат, III орынды № 40 ЖОМ мұғалімі Нұралинов Қайсар иеленді. Әйелдер арасында I орынды № 40 ЖОМ мұғалімі Асылбек Жанбота, II орынды № 40 ЖОМ мұғалімі Шакубаева Балнұр, III орынды Жетекші ЖОМ мұғалімі Маметова Назым иеленді.

Турнир соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамотамен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ауыспалы кубок Жетекші ЖОМ командасына берілді. Ұйымдастырушылар атап өткендей, тоғызқұмалақ ұлттық ойыны бойынша біріншілік өз жалғасын тауып, Бірлік мерекесіне арналған жыл сайынғы дәстүрге айналады. Жарыс Мойылды ауылы әкімдігінің, Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің, «Мойылды шипажайы» АҚ қолдауымен өтті. Мойылды ауылының әкімі Ақылбек Оңғарұлы Смағұлов турнирдің негізгі мақсаты ұлттық спорт түрін дәріптеу және насихаттау, халықтың бос уақытын ұйымдастыру, Павлодар қаласының ауылдық аймақтарының тұрғындары арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту болып табылатынын атап өтті. Турнирдің қонақтары Мойылды ауылының құрметті тұрғындары, басқа ауылдардан келген қонақтар болды.