Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қазақстанның гимнастика чемпионатының жүлдегерлері
07-02-2020 17:13
Қазақстанның гимнастика чемпионатының жүлдегерлері

3 қаладан мен 7 облыстан  Шымкент қаласында  өткен жастар арасындағы көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионатына гимнасттар  қатысты. Павлодар облысының атынан 27 гимнаст барды, оның ішінен Павлодар қаласының орта мектептерінен 3 оқушы және арнайы олимпиадалық резервтік мектеп-интертатының оқушылары қатысты.

Облыс құрамасының гимнастары 7 медаль жеңіп алып, жасөспірімдер арасында ІІІ орын алды. 2005 - 2007 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы командалық жарыста алты қыз, оның ішінде 39 мектептің 7-сынып оқушысы Әдел Абыкенова, 17 мектептің 6-сынып оқушысы Виктория Суховецкая. Топтық жаттығуларда бес доппен  2004 жылы туған қыздар арасында  5 қыз өнер көрсетті, оның ішінде Ауезов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Сабина Рашит. Жаттықтырушы - Елена Белус, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Команданың барлық гимнасттары Қазақстан чемпионатының тұрақты қатысушылары болып табылады, олардың көпшілігі көркем гимнастикадан ұлттық құрамына кірген. Қазір олар Павлодар қаласында «Баянтау» спорт сарайында ақпанның 12 - 16-да өтетін, 2008 жылы туған және одан да кіші жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатына дайындалып жатыр.