kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2737321
Бір айда186515
Бір аптада40596
Кеше7315
Тәулік6169
Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа және қатыгездікке қарсы профилактикалық жұмыс
14-02-2020 14:44
Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа және қатыгездікке қарсы профилактикалық жұмыс

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2020 жылғы 13 ақпан күні № 5 мектепте «Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездікке қарсы профилактикалық жұмыс» атты семинар-практикум өткізді. Семинар жұмысына қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 50-ден астам психологтары қатысты.

Семинар барысында медиация және құқықтық қорғау орталығының басшысы И. В. Седлецкая кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алудың құқықтық аспектілері туралы айтып, өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Дағдарыс орталығының психологы Е. А. Глотова кәмелетке толмағандарға қатысты өз-өзіне қол жұмсау мінез-құлқы мен қатыгездік пен зорлық-зомбылық мәселелерінің байланысы туралы түсінік берді. Мектеп психологы Темірханова Р. Т. отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне тоқталды.  О. Б. Дубицкая мектеп психологтарының оқушыларымен өткізетін диагностикалық жұмыстарын жүргізудің түрлері мен әдістері туралы айтты.

Семинардың практикалық бөлімінде психологтар тобы кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықты және қатыгездікті болдырмау бойынша алдын алу жұмысының моделін әзірледі. Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар әдістемелік ұсыныстармен бөлісті.