ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Абайды әлемнің түрлі тілдерінде оқимыз
14-02-2020 16:46
Абайды әлемнің түрлі тілдерінде оқимыз

«Мектеп - жоо» бағдарламасы аясында Павлодар қаласының № 20 мектеп-лицейі Инновациялық Еуразия университетімен бірлесе отырып, «Абайды үш тілде оқимыз»  атты ұлы Абайдың 175 жылдығына орай  науқан өткізді. Мақсаты  - оқушыларды қазақтың ұлы ағартушы Абай шығармашылығына тарту арқылы білім беру ортасына және көптілді оқытуға инновациялық технологияларды енгізу. Акцияға 100-ден астам педагог, мектеп оқушылары, университет оқытушылары мен студенттері, білім бөлімінің өкілдері қатысты. Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, мұсылман әйелдер Лигасы, Ж. Аймауытов атындағы қазақ-драма театрының әртістері қатысты.

       Науқан оқушылардың, мектеп педагогтерінің, профессорлық-оқытушылық құрамының, университет студенттерінің қатысуымен флешмобпен басталды. Ұлы ақынның «Көзімнің қарасы»  атты танымал ән шырқалды.

Лицей оқушыларының, мектеп мұғалімдерінің қатысуымен «Абайдың 175-жылдығына арналған челлендж»  бейне-ролигі таныстырылды.

Зерттеу бөлімінде 8 - 11 сынып оқушыларының ғылыми жұмыстары қорғалды. Балалар Абай өмірі мен шығармашылығы саласындағы ғылыми зерттеулерді ғалымдар назарына  ұсынды. «Абай-дана, Абай-дара қазақта» он-лайн олимпиадасына 8 - 11 сынып оқушылары қатысты. Олимпиаданың сұрақтары мен тапсырмалары үш тілде ұсынылды: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде, қатысушылар 60 минут ішінде қосылған таймер тәртібінде шешуге тура келді. 

        Әдеби бөлімінде «Абайды үш тілде оқимыз» атты байқау өткізілді. Олар Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге», «Қараңғы түнде тау қалқып», «Қыс», «Сенбе жұртқа», «Жалау», «Жазғы тұры» қазақ, орыс, ағылшын, неміс, корей, араб, португал, украин, татар тілдерінде өлеңдерін жатқа  оқыды.

       Қазылар алқасы «Тілдер, әдебиет және журналистика» кафедрасының ғалымдары Г. Е. Имамбаева, Г. А. Хамитова, М. Б. Айтмағамбетова жұмыс атқарды.

«Еркін микрофон» қорытынды бөлімінде пікір алмасып, қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті. 12 оқушысы І, ІІ, ІІІ дәрежелі мектеп-лицейдің дипломдарымен марапатталды.