ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқытуды қызықты ету
20-02-2020 17:23
Оқытуды қызықты ету

      Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сараптамалық кеңесінің «Білім беру мазмұнын жаңарту контекстіндегі мектептің жағдайы мен даму стратегиясы» тақырыбына кезекті отырысы 2020 жылғы 20 ақпанда инновациялық үлгідегі№34 мектепте өтті. Сараптама кеңесінің жұмысына 42 мектеп директорларының оқу ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты. Сараптамалық кеңесті өткізудің басты мақсаты мектептің инновациялық қызметінің аралық нәтижелерін бағалау, даму бағдарламасын іске асыру бойынша педагогикалық қызметтің оң тәжірибесін сараптау болып табылады.

    Кеңес отырысы аясында бастауыш білім беру деңгейінде мұғалімдер Н. А. Устина, Н. К. Антошина, С. Н. Елубаева, О. В. Подгайная, Е. С. Никитина, Л. И. Склокина тиімді технологияларды пайдалана отырып, лицей сыныптарында ашық сабақтар мен арнайы курстар өткізілді.

      Көптілділікті іске асыру презентациясының шеңберінде мұғалімдер Ж. Г. Мендыбаева, Е. Н. Москаленко, С. С. Дүйсенова, А.А. Матюшева ағылшын тілінде жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін оқытумен сыныптарда сабақтар берді және Л. М. Лымарчук, Н. В. Григорьеваның «Авторлық бағдарламаның тұсаукесерімен оқушылардың тілдік мәдениетін арттырудағы CLIL әдістемесінің мүмкіндіктері» және «Оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастырудың белсенді формалары пәнді ағылшын тілінде оқытатын сыныптарда білім беру үдерісінің сапасын арттырудың құралы ретінде» мәселелері бойынша мастер-класстар өткізілді.

     Мектепте іске асырылатын STEAM - білім беру технологияларының тұсаукесері «Текстоцентрикалық тәсіл-көптілді білім берудің қажетті шарты ретінде» және және «STEAM-білім. Сабақ беруді қалай қызықты ету керек». Көптілділікті жүзеге асыру мәселелеріне «Көптілділік-білім беру басымдықтарының бірі» атты ойын-дебаттар арналған тақырыптар бойынша И. О. Полякова, Е. С. Медведева, З. Б. Наскенова, А. Г. Кулибаба мұғалімдермен мастер-класстарында ұсынылды.

   Мектеп ұжымының қызметі даму бағдарламасын жүзеге асыру аясында сараптамалық кеңестің қатысушыларының жоғары бағасына ие болды. Оның қорытындысы бойынша әкімшіліктің инновациялық үдерістерді басқару бойынша іс-әрекетінің тәжірибесін жинақтау туралы шешім қабылданды, көптілділік және STEAM-білім беруді жүзеге асыру аясында мұғалімдердің жұмыс тәжірибесі.