ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының басшыларымен кеңес
21-02-2020 16:26
Қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының басшыларымен кеңес

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2020 жылғы 21 ақпанда № 11 жалпы орта білім беру мектебінде қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының басшыларымен кеңес өткізді.

Кеңесте «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы «Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмыс жағдайы туралы», «Даму бағдарламасы мен жылдық жоспарды орындау бөлігінде мектепке дейінгі балалар ұйымдары әкімшілігінің бақылау-талдау қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жағдайы туралы» мониторинг қорытындысы қаралды. Қаланың балабақшаларында тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жүргізілген талдаудың қорытындысы туралы есеп тыңдалды, қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша азаматтардың өтініштерінің нәтижелері туралы ақпарат ұсынылды.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы Тіл туралы Заңды жүзеге асыру, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, сапалы тамақтануды қамтамасыз ету бойынша нұсқаулықты сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды. Ата-аналардың өтініштері үшін мектепке дейінгі мекеменің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мәселелерін бақылауға алу қажеттілігі туралы, БАҚ-та жариялау арқылы мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің имиджін көтеру, түрлі іс-шаралар өткізу бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу қажеттілігі туралы атап өтті.