ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Өзін-өзі тану бойынша облыстық олимпиада жеңімпаздары
27-02-2020 14:52
Өзін-өзі тану бойынша облыстық олимпиада жеңімпаздары

Өзін-өзі тану пәні бойынша республикалық олимпиадаға облыстың мамандандырылған және жалпы білім беру мектептерінің 9 - 11 сыныптың 75 оқушысы, сонымен қатар қалалық олимпиада жеңімпаздары, № 29 ЖОМ, № 20 лицей-мектебі, № 9 гимназия-мектебінің оқушылары қатысты.

Облыстық олимпиада қорытындысы бойынша барлық қала қатысушылары I орынға ие болды. І дәрежелі дипломмен № 9 гимназия-мектебінің 9 сынып оқушысы Гармазов Артем, № 29 ЖОМ 10 сынып оқушысы Капустянская Арина  және № 20 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Исенова Айдана иеленді. Олимпиада да қатысушылар тест тапсырмаларына жауап берді, екінші турда ұсынылған тақырыпқа жобалар қорғалды.

Жеңімпаздар облыстық команда құрамына енеді және сәуір айында Талдықорған қаласында өтетін республикалық  олимпиадаға қатысады. Олимпиада 2020 жылы 26 ақпанда Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 10 лицей-мектебінде өтті. Олимпиада мақсаты - рухани-адамгершілік тәрбие, шығармашылық мүмкіншілікті дамыту, өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіру, шығармашылық қызметке өзін-өзі көрсетуге ұмтылуға ынталандыру.