ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала математик командаларының жемісті дебюті
06-03-2020 10:04
Қала математик  командаларының  жемісті дебюті

2020 жылы 2 - 5 наурызда Әбу Насыр Әль-Фарабидің 1150 жылғы мерейтой шеңберінде дарынды балаларға арналған  Ы. Алтынсарин атындағы облыстық қазақ  гимназия-интернатында  жас математиктердің VІІ  аймақтық турнирі өткізілді.  Турнирге Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған қалаларынан 16 команда құрамында  7 - 8 сыныптың  96 оқушысы қатысты. Павлодар облысы 8 команда ұсынды, оның ішінде  5 команда мамандандырылған мектептерден, Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінен 1 құрама  команда, Назарбаев Зияткерлік мектебінен 2 команда қатысты .

Қаланың «Сигма» құрама командасының құрамына математика бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері № 9 гимназия-мектебінің 8 сынып оқушысы Троян Леонид, № 16 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы  Семенов Александр, № 17 мектептің 8 сынып оқушысы Смагин Александр, № 34 мектептің 7 сынып оқушысы Абишев Нариман, 8 сынып оқушысы  Борецкий Никита және  № 38 НОМ 5 сынып оқушысы Тілеубекұлы Мұстафа енді.

          3 турда  қала командасы Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған, Назарбаев Зияткерлік мектебінің командаларымен жарысты. Турнир қорытындысы бойынша Павлодар қаласының командасы III орынға ие болды. «Ең жас қатысушы» номинациясына Тілеубекұлы Мұстафа ие болды.