2020 жылы 2 - 5 наурызда Әбу Насыр Әль-Фарабидің 1150 жылғы мерейтой шеңберінде дарынды балаларға арналған Ы. Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатында жас математиктердің VІІ аймақтық турнирі өткізілді. Турнирге Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған қалаларынан 16 команда құрамында 7 - 8 сыныптың 96 оқушысы қатысты. Павлодар облысы 8 команда ұсынды, оның ішінде 5 команда мамандандырылған мектептерден, Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінен 1 құрама команда, Назарбаев Зияткерлік мектебінен 2 команда қатысты .
Қаланың «Сигма» құрама командасының құрамына математика бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері № 9 гимназия-мектебінің 8 сынып оқушысы Троян Леонид, № 16 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Семенов Александр, № 17 мектептің 8 сынып оқушысы Смагин Александр, № 34 мектептің 7 сынып оқушысы Абишев Нариман, 8 сынып оқушысы Борецкий Никита және № 38 НОМ 5 сынып оқушысы Тілеубекұлы Мұстафа енді.
3 турда қала командасы Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған, Назарбаев Зияткерлік мектебінің командаларымен жарысты. Турнир қорытындысы бойынша Павлодар қаласының командасы III орынға ие болды. «Ең жас қатысушы» номинациясына Тілеубекұлы Мұстафа ие болды.