ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Конькимен жүгіру спорты бойынша Қазақстан чемпионатының жүлдегері
11-03-2020 12:07
Конькимен жүгіру спорты бойынша Қазақстан чемпионатының жүлдегері

Павлодар қаласы № 27 ЖОМ 7 сынып оқушысы Вячеслав Стерхов конькимен жүгіру спорты бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегері болып табылады. Ол жарыста 500 - 1000 метр қашықтықта II орынға ие болды. Жарыс 2020 жылғы 3 - 5 наурызда Нұр-сұлтан қаласындағы «Алау» мұз сарайында өтті.

Бұған дейін 2020 жылдың ақпан айында Нұр-Султан қаласында өткен конькимен жүгіру спортынан жарыста ІІІ орын алып, 1-ші ересек разрядты орындады. Сондай-ақ ақпан айында Нұр-сұлтан қаласында өткен конькимен жүгіру спорты бойынша кіші жастағы ұлдар арасында өткен ашық біріншілікте ол І орынды иеленді. Бұл 2020 жылғы маусымда кіші жас бойынша жарысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 13 - 18 жас аралығындағы 150-ден астам спортшы қатысты. Қазіргі уақытта Вячеслав облыс құрамасының құрамына кірді. 2016 жылдан бастап дене шынықтыру мұғалімі Николай Геннадьевич Петуховтың мектеп секциясында коньки тебу спортымен айналыса бастады, қазіргі уақытта қысқы спорт түрлерінен болашағы зор спортшы ретінде №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне қабылданды. Оны Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Наганода өткен Олимпиада ойындарының жүлдегері Людмила Вячеславовна Прокашева жаттықтырады. Бос уақытында оқу уақытында кітап оқумен айналысады, мектеп іс-шараларына белсенді қатысады.