ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Облыстық шахматтар турнирінің жеңімпаздары
13-03-2020 10:49
Облыстық шахматтар турнирінің жеңімпаздары

Облыстық «Акбозат - 2020» шахматтар турниріне облыс қалалары мен аудандарынан 15 команда қатысты (3 ұл,  1 қыз). Жарыстар 2 жас топтарында  өтті: 2 - 7 сынып оқушылары мен 8 - 9 сынып оқушылар арасында. Жарыстар Білім басқармасының дене шынықтыру аймақтық оқу-тәжірибелік орталығымен шахматтар Үйінде  ұйымдастырылды.

Турнир қорытындылары бойынша Павлодар қаласы № 9 гимназия- мектебінің  2 - 7 сынып оқушылары арасындағы  командасы  жеңіске жетті. Команда құрамына 6 сынып оқушылары Малыгин Владислав, Шичкин Владимир, Суенова Анастасия, 4 сынып оқушысы Луцик Степан кірді. Жарыстың жеңімпаздары және жүлдегерлері орталықтың  медальдарымен, грамоталарымен марапатталды. Турнир жеңімпаздары республикалық турнирге  қатысады.

Команда оқушылары мектеп шахмат үйірмесінде қосымша білім педагогі Камила Жанболатқызы Габдушевада және № 3 балалар мен жасөспірімдер мектебінде халықаралық шахматтар спортының шебері    Захаров Валентин Степановичта айналысады. Владислав шахматпен 5 жастан айналысады, Чехия халықаралық турнирінің жеңімпазы, Алматы қаласында өткен Қазақстан чемпионатының, Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық турнирдің  жүлдегері (2019 жыл). Владимир 2018 жылы облыс әкімінің Кубогі үшін жарыста I орынға ие болды, Астана қаласында  өткен республикалық турнирдің  жүлдегері. Анастасия  2019 жылы  облыс  әкімінің Кубогі турнирінде I орынға, Астана қаласында өткен республикалық турнир жүлдегері (2018 жыл), Степан - Астана қаласы республикалық турнирінің  жүлдегері (2018 жыл).