ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептерінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру
27-03-2020 10:23
Қала мектептерінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру

Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтардың, білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ COVID-19 коронавирустық жұқпасы таралуының алдын алу мақсатында пандемия кезінде Павлодар қаласының білім беру бөлімі мен барлық мектептерде бұйрықтар шығарды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 26 наурызынан бастап Павлодар қаласының білім беру бөлімінде 65-04-27, 30-14-91 нөмірлері бойынша қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелері жөнінде call-орталық жұмыс істейді. Жедел әрекет ету мақсатында осындай call-орталықтар барлық мектептерде құрылған, олар ата-аналар мен оқушылар чаттары бойынша орналастырылды және таратылды. Мектептерде ақпараттандыруға жетекшілік ететін директор орынбасарларының деңгейінде жауаптылар анықталды.

Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес қашықтықтан оқыту теледидар (барлық мектептер), Күнделік ақпараттық жүйелері (барлық мектептер), Віlіmland (42 мектеп), Дарын онлайн (12 мектеп), Zoom (10 мектеп), Classroom (10 мектеп) құралдары бойынша ұйымдастырылады.

Білім министрлігі теледидар арқылы трансляциямен бейне сабақ әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде. Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар мен үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес әзірленген бейне сабақ тұжырымдамасы қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқыту процесін ұйымдастыру мәселелерін, сабақ құрылымын, білім алушыларды сүйемелдеу бойынша педагогқа, дербес жұмысты орындау бойынша білім алушыларға және олардың ата-аналарын оқыту үшін жағдай жасау бойынша ұсынымдарды қамтиды.

ТД-сабақтары 1-11 сыныптардың оқу пәндері бойынша республикалық теледидарда өткізілетін болады: қазақ тілінде білім алушыларға арналған сабақтар – «Балапан» телеарнасында, орыс тілінде білім алушыларға арналған сабақтар – «Ел – Арна» телеарнасында сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін.

Қосымша бейнесабақтар интернет желісі арқылы барлық пайдаланушылардың еркін қол жеткізуі үшін (педагогтар мен білім алушыларға) видеохостинг жүйелері мен білім беру интернет ресурстарында орналастырылатын болады.

Сондай-ақ, электрондық журнал kundelik.kz бейне-сабақтарды, сандық білім беру ресурстарын орналастыру, білім алушыларға үй тапсырмасын беру және кері байланысты жүзеге асыру (мұғалімдердің түсініктемесі мен ұсыныстары, ата-аналарды хабарландыру түрінде ақпараттандыру, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды жүргізу, білім алушыларға үй тапсырмасын және оның онлайн тексерулерін ұсыну, қысқа және кеңейтілген түсініктемелер түрінде кері байланысты жүзеге асыру) үшін пайдаланылатын болады.

Павлодар қаласының мектептерінде қашықтық режимде 48 мыңнан астам адам жұмыс істейтін болады, оның ішінде 3357 мұғалім және 45425 оқушы.