ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Оқушылардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру формасы ретінде физика бойынша зерттеу жұмысы
27-04-2020 08:21
Оқушылардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру формасы ретінде физика бойынша зерттеу жұмысы

  Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2020 жылғы 23 сәуірде ZOOM платформасында «Физика пәні бойынша зерттеу жұмысының форматы бойынша оқушылардың шығармашылық потенциалын жүзеге асыру» атты қашықтықтан семинар өткізді. Семинарға мемлекеттік тілде білім беретін 28 физика пәні мұғалімі қатысты.

  Семинардың модераторы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Н. С. Сабитова болды. Өз сөзінде ол іс-әрекеттің критерилерін бағалау мәселелеріне, озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату әдістемелеріне тоқталды. Жас педагогтарға «Өз тәжірибеңді қалай тарату керек» қосымша-жаднамасы жұмыс тәжірибесін жинақтау бойынша материалдарды рәсімдеу және мазмұндау жөнінде ұсыныстар берді.

  Оқушылардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру формасы ретінде зерттеу жұмысын өткізу бойынша Кенжекөл мектебінің физика мұғалімі Әлібек Жұмажанұлы Қалиасқаров өз тәжірибесімен бөлісті. Ол осы мәселе бойынша өз қызметінің тәжірибелік бағытын, ата-аналармен бірге зерттеу қызметіне уәждемесі бар балалармен жұмысты ұйымдастыру туралы фото, видео материалдарды көрсетті.

  Оның оқушылары «Қазіргі ғылым: прогреске қадам» атты ғылыми-практикалық конференцияның, қалалық, облыстық, республикалық ғылыми жобалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады. 2019 жылы 9 сынып оқушысы Алпамыс Маджида «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымды дамытуды қолдау қоры» ҚҚ «Жас дарын» медалімен марапатталды. 2018 жылы Әлібек Жұмажанұлы «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты республикалық байқауда І дәрежелі дипломмен, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Физика мұғалімі» атты ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Семинар қорытындысы бойынша мұғалімдер зерттеу жұмыстарымен айналысатын физика мұғалімдерінің, жоғары оқу орындарының ғалымдарымен бірлесе жұмыс істеу туралы ұсыныс білдірді.