ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 120 МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ОҚЫТАТЫН ЭТНОМӘДЕНИ ТӘРБИЕ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ – СӘБИЛЕР БАҚШАСЫ» МҚКК ГККП «ЯСЛИ-САД № 120 ЦЕНТР ЭТНОКУЛЬТУРНОГО ВОСПИТАНИЯ С ГОСУДАРСТВЕННЫМ ЯЗЫКОМ ОБУЧЕНИЯ»
29-05-2020 17:03
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 120 МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ОҚЫТАТЫН ЭТНОМӘДЕНИ ТӘРБИЕ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ – СӘБИЛЕР БАҚШАСЫ» МҚКК ГККП «ЯСЛИ-САД № 120 ЦЕНТР ЭТНОКУЛЬТУРНОГО ВОСПИТАНИЯ С ГОСУДАРСТВЕННЫМ ЯЗЫКОМ ОБУЧЕНИЯ»

Мақан Айгуль Еділқызы, басшы, Панова Замзагуль Тлеубаевна, әдіскер

Этнопедагогика элементтерін қолдану арқылы мектепке дейінгі мекемеде балалардың тілдікқатынастарын дамытуда жағымды жағдай жасау

    Балабақшамыз ұлттық болмысты қалыптастырып, бала мұра болып қалған салт-дәстүрімізді бен әдет-ғұрпымыздың жалғасуына септігін тигізер деген міндеттер қойып, 2006 жылдан бастап мемлекеттік тілде оқытатын этномәдени тәрбие беру орталығы атауына иеленді.

    Орталықта қосымша мамандар беріліп, кабинеттер жабдықталды. Бұл бағыт бойынша инновация жөніндегі әдіскер, оқу бөлімінің вариативтік бөліміне  бейнелеу өнері, халық биі, ақпараттық құралдар негіздері, әдеп сияқты қосымша сағаттар енгізілді.

    Балабақша бағытына сәйкес алты үйірме жұмыс істейді:

ü  «Жүзден жүйрік»

ü  «Шебер қолдар»

ü  «Ұлттық ойындар»

ü  «Полиглот»

ü  «Жан-жақты музыка»

ü  «Өлкетану» 

   Олардың мақсаты: балаларды жан-жақты тәрбиелеуде халықтың мәдени-мұрасын, тарихын, тілін, өнерін бала тәрбиесінде тиімді пайдалану.

   Сондай-ақ балабақшамызда «Атамұра» шағын мұражайы, «Абай бұрышы», «Ұлттық тәрбие – асыл мұра» бұрыштары безендірілген.

   Балабақшамызда қазақ халқының мәдени мұрасын жүзеге асыру негізінде әдістемелік құралдар шығарылды. Олар: «Қазақ ою-өрнектері» бейнелеу өнері сабағында қолдану, «Жүзу сабағындағы ұлттық ойындар», «Халық қазынасы», «Халық биі және ырғақ», «Әдеп әліппесі», «Бейнелеу сабағында ұлттық компоненттерді қолдану».

    Әдістемелік құралдардың мақсаты: Жас ұрпақтың бойында ұлттық болмысты қалыптастыру, ұлттық тәрбиені бүгінгі жас ұрпақтың бойына сіңіре білу-заман талабы және мектеп жасына дейінгі балаларға  атадан балаға мұра болып қалған салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыздың, ұлттық педагогикамыздың қазақ ұлттық тарихы,ұлттыық өнері, ұлттық ойындары, әдептері жөнінде білімдерін қалыптастыру.

    Мамандардың кәсіби шеберліктерінің көрсеткіштеріде жоғары. Балабақшамыз мектепке дейінгі білім беру саласындағы педагогтарға «Шебер – сыныптар» көрсетіп, іс-тәжірибелермен бөліседі. Жоғарыда аталған әдістемелік қалалық, облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болды.

   Педагогтар кәсіби шеберліктің көрсеткіштерін атап өтсек: «Этноэлементтерді ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде қолдану», «Мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыру сабақтарында денсаулық сақтау және нығайтудағы жеке тұлғаға бағытталған тәсіл» тақырыптарында баяндамалар жасалынып жүлдегер атанды. Білім беру саласынан ұйымдастырылатын сайыстардың белсене қатысушылары.

ü  Халықаралық деңгейде – 27 %

ü  Республикалық деңгейде – 32 %

ü  Облыстық деңгейде - 15%

ü  Қалалық деңгейде - 11% көрсеткіш береді.

   Бүгінгі күні балабақша Павлодар облысы бойынша ашық тәжірибе алмасу орталығы болып саналады. Білікті педагогтар қатарынан құрылған шығармашылық топ ПМПУ, ПМУ және Павлодар педагогикалық колледжімен тығыз байланыста. Олардың жұмыс нәтижелерін балабақша аумағында өткізілген халықаралық конференция, облыстық семинарлар, қалалық деңгейде өткізілетін іс-шаралар.

    Сонымен қорытындай келе, осындай халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды мектепке дейінгі балалардың, бүлдіршіндеріміздің санасына тереңдей сіңіруге тәрбиелеу басты мақсатымыз болып табылады. Осы тұрғыда балабақшаларда мәдени халықтық мұра негізінде, бүлдіршіндерге рухани-адамгершілік тәлім-тәрбие беру – парызымыз. Патриоттық сезімді, қалыптастыруға, ұлттық мәдени мұрасын дәріптеуге атсалысайық дер едім!.