ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Робототехника бойынша республикалық сайысындағы павлодарлық оқушылардың жетістіктері
13-08-2020 10:52
Робототехника бойынша республикалық сайысындағы павлодарлық оқушылардың жетістіктері

   Жобаларды қорғау бойынша «KazRoboProject - 2020» республикалық ғылыми-техникалық жобалар байқауына Қазақстанның 16 өңірінен 47 команда қатысты. Павлодар облысынан 7 команда, соның ішінде № 11, 26 ЖОМ, Б. Момышұлы атындағы мектептің 6 - 9 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты - ғылыми-техникалық бағыттағы қолданбалы зерттеулерге шығармашылық қабілеттер мен қызығушылықты дамыту, дарынды балаларға қолдау көрсету, қазақстандықтардың өмір сүру сапасының деңгейін көтеру.

   Карантин жағдайында өңірлік және республикалық кезең жобаларын іріктеу және қорғау онлайн режимде өткізілді. Қатысушылар ZOOM бағдарламасы арқылықұрастырылған кестеге сәйкес эфирге шықты. Қазылар алқасының құрамында Қазақстан машина жасаушылар одағы өндірістердің инженерлері, ютуб-каналдың өкілдері, білім беру робототехникасының әдіскерлері мен педагогтары робототехника бойынша жұмыс істеді.

   Байқау қорытындысы бойынша 5 павлодарлық оқушы жүлделі орынға ие болды. «Firebot» жобасы үшін II орынға № 11 мектептің 6 сынып оқушысы Дорохин Андрей мен 7 сынып оқушысы Сыздыкова Айпара, «Қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына арналған робот-диспенсер» жобасы үшін III орынға № 26 мектептің 9 сынып оқушылары Малютин Александр, Водянников Максим иеленді. Б. Момышұлы атындағы мектептің 7 сынып оқушысы Еркинов Аманали «Ақылды зауыт» жобасы үшін Қазақстан машина жасаушылар одағының арнайы номинациясымен марапатталды.